Тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша
2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы және мектеп директорларының ұсынысы бойынша мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау тамақтану сапасына әсер ететін баға демпингінің орын алуына, сондай-ақ мектеп директорларының көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тікелей бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына байланысты Мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылды.
Бүгінгі күні орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі пысықталды(ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №598 бұйрығы).
Балалардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында Ережеде қызметкерлердің білікті штаты бар осы қызметті көрсетуге неғұрлым дайындалған өнім берушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдер (жұмыс тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, технологиялардың, диетологтардың, оң сипаттамалардың, азық-түлік өнімдерінің өзіндік өндірісі, энергия үнемдейтін жабдықтардың болуы) көзделген.
2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі енгізілді.
Сондай-ақ, Ережеге сәйкес конкурстық комиссиялардың құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестері, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық органдарының өкілдері енгізілген.
Өнім берушілердің жаңа және табиғи азық-түліктерді пайдалануын қамтамасыз ету үшін Ережелерде өнім берушілердің мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын (шаруа немесе фермер қожалығы, жылыжай және басқалар) азық-түліктердің өз өндірісінің болуы үшін қосымша балл алуы және отандық өндірушілердің азық-түліктерін сатып алуы көзделген.
Тағамдардың, Тамақ өнімдері мен аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.
Өнім беруші Шарт талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы өнім беруші жосықсыз деп жарияланады (2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығы).
2015 жылы білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе отырып, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бір реттік мектептік тамақтанудың бірыңғай нормалары әзірленді(2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ПП-не толықтырулар енгізілді).
Бұл нормаларда балалардың ағзаға қажетті барлық микронутриенттерді: дәрумендерді, минералдық заттарды және микроэлементтерді алуы көзделген.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай - ақ білім беру ұйымдары оқушыларының салауатты (ыстық) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді.
2019 жылдан бастап министрлік білім беру органдары мен ұйымдарының мектептік тамақтануын ұйымдастыруына камералдық бақылау енгізді, ол объектіге бармай бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Министрлік ҚР ҚМ-мен бірлесіп Мемлекеттік сатып алу порталының тұрақты өкілдігі конкурстық рәсімдерді электрондық форматқа ауыстыру мәселесін пысықтауда.
Бүгінгі күні мектеп қызметкерлері мен ата-ана жұртшылығының қызмет көрсетуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі заңнамалық тұрғыда қаралды. Әр мектепте балалардың тамақтануын бақылау бойынша комиссия жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады,құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кіреді.
Тамақтануды ұйымдастыру ережесіне сәйкес қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін тамақ өнімдерін пайдалану туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, органолептикалық бағалауды жүргізеді.
Осылайша,қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктеріне балалардың тамақтану сапасына ықпал етуге мүмкіндік беретін барлық қажетті тетіктер пысықталды. Бүгін, бірінші жоспарға білім беру ұйымдары басшыларының (бракераждық комиссия төрағалары) жауапкершілік деңгейі шығады деп тану керек.
Осыған байланысты, Министрлік қызметінің негізгі бағыты мектептегі тамақтанудың сапасын арттыру бойынша тамақтану сапасын бақылау бойынша бракераждық комиссиялар қызметінің тәртібін кеңінен ақпараттық жария етуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ білім алушылар мен олардың ата-аналарын балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде бұзушылықтар анықталған кездегі одан арғы іс-әрекеттер туралы хабардар ету.
Тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша
Якорь
2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы және мектеп директорларының ұсынысы бойынша мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтер берушіні таңдау тамақтану сапасына әсер ететін баға демпингіне, сондай-ақ мектеп директорларының қызмет көрсетушілерге тікелей бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына байланысты Мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылды.
Бүгінгі күні орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі әзірленді (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №598 бұйрығы).
Балалардың тамақтануының сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында Ережеде қызметкерлердің білікті штаты (жұмыс тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, технологтардың, диетологтардың, оң сипаттамалардың, тамақ өнімдерінің өзіндік өндірісі, энергия үнемдейтін жабдықтардың болуы) бар осы қызметті көрсетуге неғұрлым дайындалған өнім берушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдер көзделген.
2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайына, дайындалатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі енгізілді.
Сондай-ақ, Ережеге сәйкес, байқау комиссиясының құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қауымдастығының, қамқоршылық кеңестердің, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық органдарының өкілдері енгізілген.
Өнім берушілердің жаңа жаңа піскен және табиғи өнімдерді пайдалануын қамтамасыз ету үшін Ережемен өнім берушілердің мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде (шаруа немесе фермер қожалығы, жылыжай және басқалар) пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінің өзіндік өндірісі бар болғаны үшін қосымша балл алуы және отандық өнім өндірушілердің тамақ өнімдерін сатып алуы көзделген.
Тамақ өнімдерінің, Тамақ өнімдері мен аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.
Өнім беруші Шарт талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы өнім беруші жосықсыз деп жарияланады (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығы).
Білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе отырып, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, алғашқы рет мектепте тамақтанудың бірыңғай нормаларын әзірледі (ҚР ПП РК 2012 жылғы 12 наурыздағы №320).
Бұл нормалар балалардың ағзаға қажетті барлық микронутриенттерді: дәрумендерді, минералдық заттарды және микроэлементтерді алуын қарастырады.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ білім беру ұйымдары оқушыларының салауатты (ыстық) тамақтануға қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді.
2019 жылдан бастап министрлік білім беру органдары мен ұйымдарының мектеп тамақтануын ұйымдастыруға камералық бақылау енгізді, ол бақылау іс-шараларын объектіге бармай жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тендерлік рәсімдерді электрондық форматқа көшіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі таңда заңмен мектеп қызметкерлері мен ата-аналар жұртшылығының қызмет көрсетуіне тұрақты бақылау жасау мүмкіндігі қарастырылған.Әр мектепте балалардың тамақтануын бақылау бойынша комиссия жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады,оның құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кіреді.
Тамақтануды ұйымдастыру ережесіне сәйкес қызметтерді жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.
Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалауды жүргізеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мектеп әкімшілігіне балалардың тамақтану сапасына әсер етуге мүмкіндік беретін барлық қажетті тетіктер әзірленді. Бүгінгі күні білім беру ұйымдары басшыларының (бракераждық комиссия төрағаларының) жауапкершілік деңгейі бірінші кезекте танылуы тиіс.