Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған тілдер онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

17.09.2021

«Чапаевское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған тілдер онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат:

Чапаевское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 6-17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған онкүндік өтті. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс-шаралардың өтуіне ат салысты.

9-қыркүйек күні апталықтың ашылуына орай 5-9 сыныптардың жетекшілері Қазақстан халықтарының тілдер күніне арнап сынып сағаттарын өткізді. Ағылшын тілінің мұғалімі Кожубаева М.Т. 5-9 сынып оқушылары арасында «My native language is Kazakh» тақырыбында эссе жазу байқауын және 3-4 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен викторина өткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бейсенов Ж.Е. 3 сынып оқушылары арасында «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасын және 5 сынып оқушылары арасында «Бала тілі- бал» атты өлеңді мәнерлеп оқу байқауын өткізді. 7-9 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тәжен А.Д.«Қазақ тілі- болашақтың тілі» тақырыбында шығармалар байқауын және 6-9 сынып оқушыларымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

17-қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған тілдер онкүндігі салтанатты түрде жабылды. Шығарма жазған оқушылар мен сайықа белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

 


Просмотров: 216


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст