Эссе
Елбасы сенімі - ел сенімі
Құт-береке, ортақсың баршаға,
Саған үйірсек болғаным соншама.
Өз үйімде жатсам да жастана,
Қимай сені сағынамын, Астана!...
Дәл осы өлең жолдарының авторы ретінде осыдан үш жыл бұрын Астанада
оқып,студент болған кездерімді еске алсам, менен бақытты адам болмағандай.
Себебі, мен еліміздің жүрегі – Астанаға ғашық болдым. Өзімді рухани тұрғыда
жетілдіруім үшін бұл қалада барлық мүмкіндіктің барына көз жеткіздім: сәулетті
театр да, опера да, бай мұражай да, кітапхана қоры да, түрлі өзіңді
арнауға болатын әлеуметтік орындар
молынан, тек мақсатыңды айқындап алға қарай ұмтылсаң жеткілікті. Қаланың даму
тарихының қысқалығына қарамастан, осыдан жиырма жыл бұрынғы орнындағы
Целиноградтың батпақты иен дала топырағының үстінде қазір асфальт төселген
зәулім шаһар бой түзеп салтанат құруы – феномендік құбылыс. Басқасын білмеймін,
өз басым осы бір ғажайып кереметке басымды иемін. Мәселе тек Астананың бой
көтеруінде ғана емес, қазақ халқының өз алдына жеке мемлекет атанып,
тәуелсіздік алуы тәу етер жалғыз кие болып тұрғандығында. Тәуелсіздік
алмағанда, Астана да салынбас еді ғой,себебі. Мен барымды бағалайтын
адаммын,мына ғаламды жаратқан құдыреті шексіз Аллаға, жарық дүниеге әкелген
ата-анама, рухани азық беріп, ұлттық,адамгершілік құндылығымды сақтауда санамды жаңғыртқан ұлы Абайға, және осы кезде
түйсігім осы тізімге Елбасын қосу түсінігін қалыптастырды. Бұл ойға бірден
келген жоқпын, осы ойымды өз зерттеуіме дәлел іздеу арқасында қол жеткіздім
десем де болады. Осыдан біраз жыл бұрын ұлы Абай атамыздың «пұшпағын илеп өскендіктен» болар, тың
зерттеу тақырыбын нысанаға алған едім. Ақыры ойлана келіп, Абай ұсынған «толық
адам» концепциясының көп қырлары Елбасымыздың істеп жатқан ғаламдық деңгейдегі
көшбасшылық қабілеті мен парасаттылығынан айқын байқалатынын аңғардым. Бір
адамның бойында бір мемлекетті басқарушылық күш пен бір тудың астында бүкіл
халықты біріктірушілік неткен ғаламат жігер! Таңқаласың!
Абайдың
дүниетанымдық сөздері мен Елбасының жүзеге асырып жатқан жарқын істері
бірін-бірі толықтырып, Қазақ елін
өркениеттік дамудың шыңына көтеріп отыр. Абай сөздері мен Елбасы
істерінің рухани үндестігі байқалады
Нұрсұлтан
Назарбаев «Абай туралы сөз» баяндамасында :»Абайдың әлеуметтік ойшылдығына
тереңірек үңілетін тұс - қазіргі кезең. Қоғамымызда түбегейлі өзгерістер болып
жатқан бүгінгі күндер.” – дейді. Абай 3-қарасөзінде заман өзгергендіктен
жаңа заманға жаңа билік шығару керек
дейді. Елбасы да осы сөзді түсініп, «Қазақстан -2050» стратегиясын жасады.
Абай
18-қарасөзінде «адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де
-ақымақтық.» - дейді. Елбасы да 7 ұзақ
мерзімді басымдықтың бірі етіп – білімді қояды. Н. Назарбаевтың
бастамасымен Назарбаев университеті,Назарбаев Зияткерлік мектептер,“БОЛАШАҚ”
бағдарламасы, Президенттік “Дарын” сыйлығы, Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті т.б.оқу орындарыашылған.Елбасымыздың білім,ғылым
туралы сөздері нақыл боп ел ішіне тарап кеткен.
Абайдың
31-сөзінде айтқан «Ой кеселдері » туралы Елбасы «Сындарлы он жыл» , «Ғасырлар
тоғысында», «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері»,”Еуразия жүрегінде”,
“Бейбітшілік кіндігінде” еңбегінде айтады.
Абайдың
15-қарасөзі мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінде үндестік бар. Екеуі
де әр қазақстандық ел дамуы үшін
өз-өзіне есеп беру керек дейді.
Абай
33-қарасөзінде «Мал жұтайды, өнер жұтамайды» десе, Елбасы «Мына заманда өнердің
кілтін тапқан ғана өрге шабады » дейді.
Абай
34-қарасөзінде «Адам баласына адам
баласының бәрі - дос.
«Махаббатпен жаратқан
адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және һақ жолы осы деп әділетті.» - деген Абай атамыздың сөзімен Елбасымыздың
арқасында Қазақстанда 130 ұлт өкілі татулықта өмір сүріп, еліміз – ДОСТЫҚТЫҢ
ҰЛЫ ӨЛКЕСІ, БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ ЕЛІНЕ айналды.
Абай атамыз:Безендіріп жер жүзін тәңрім шебер,
Мейірбандық, дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер» - деген. Әлемде соғысты болдырмау үшін,
БЕЙБІТШІЛІК пен КЕЛІСІМДІ, ТҰРАҚТЫЛЫҚ
пен ТЫНЫШТЫҚТЫ ту етіп, ЯДРОЛЫҚ
ҚАРУДАН БАС ТАРТҚАН БІРДЕН-БІР МЕМЛЕКЕТ –ҚАЗАҚСТАН!
Абай мен Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев – феномендік тұлғалар.
Ал біздің айтарымыз біреу ғана: Абайдың алаш
баласына өсиет еткен «кемел адам» атты философиялық ұғымын Елбасының да мұрат
тұтқаны һәм бойынан көрініс тапқаны Елбасы істері мен сөздерінен байқалады. «Кемел
адам» концепциясын негіздеп,бүкіл адамзат өміріне дүниетанымдық, парасаттылық,
кемеңгерлік ойларымен қозғау салған данышпан Абайдың «ақылымен» биліктегі отыздай
жылда ел тәуелсіздігін жариялап, Қазақстанның қарқынды дамуына сәтті реформалар
жасап, әлемдік аренада беделін танытқан көшбасшы саясаткердің ұлы істері болашақ
өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялатады.
Екітомдық «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ» ретроспективтік библиографиялық көрсеткіштің бір ғана томында 8000-ға жуық Елбасы туралы жазылған отандық және шетелдік авторлардың еңбектері топтастырылған, олардың әрбірімен танысып шығу Елбасы жайлы таным көкжиегін кеңейтері сөзсіз.
Мәскеуде жазушы Николай Зеньковичтің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өміржолы арқау болған «Имя, ставшее эпохой» кітабы таныстырылды. Мұның өзі біз үшін зор мәртебе. Елін сүйген, елі сүйген Елбасын бүгін де көп жастар үлгі тұтады. Нар тұлғалы Нұрсұлтандар елімізде көбейіп, Елбасының жарқын келбеті мен кемел істері сенім мен ұлы күш ұялатып,халқымыздың көсегесін көбейте берсін!
Өз басым Елбасының өмір жолынан үлкен тағылым алып келемін.