Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

шығарма "Менің болашақ мамандығым "

17.11.2018

Жақсы

ауданы

Чапаевское ауылы

Рентабельный орта

мектебі

 «Үздік эссе» номинациясы  «Менің болашақ мамандығым» тақырыбы

Сарыгина Диана

15  жас

Тамбай  Ж айнагүл

 МКМ «Рентабельный орта мектебінің» қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 altaika2017@mail.ru

87163594392

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығарма

Менің болашақ мамандығым

 

Мен көп

нәрсені армандаймын. Сондай асқақ армандарымның бірі –болашақта жүрегім қалаған

мамандық иесі атану. Ондағы ең басты мақсатым – таңдаған мамандығым өзіме және

халқыма пайдасын тигізіп, еліме қызмет етуге талпындырса деп ойлаймын. Өскенде

кім болам деген ой мені қазірден бастап толғандырады, себебі, мен қазір

10-сыныпта оқимын, енді бір жылдан кейін мектеп бітіремін, сондықтан, бұл

өмірімнің маңызды қадамына аса ұқыптылықпен қараймын. Мықты маман болу

үшін,әрине, білімді болу керек.Мен әзірге нақты бір мамандықтың көзін тауып,

осы мамандықтың жетегіне түсем нақты шешім қабылдаған жоқпын, бірақ, ең бастысы

– мен жан-жақты білім алуға тырысамын. Мектептегі барлық пәндерден үлгерімім

жақсы, барлық пәндердің пайдасы бар деп ойлаймын, сол себепті бәріне көңіл

бөлемін. Егер мен білімді болсам, қай мамандықтың болсын, білгірі , майталманы

болуға болатынын білемін. Жан-жақты болу – менің қазіргі әуестігім ,

қызығушылығым, бірақ, көбірек бет бұратыным – ол психолог мамандығы. Адам жанын

түсінуден артық не бар адам баласына ? Әркез қиналып, жабығып жүрген адамға қол

үшін беріп,ұғынып, сезініп , көмектесу, жақсы, жылы сөздермен тербеп, демеу

беру, жанына медеу болу – асқан төзімділік пен мерейлі қайырымдылықты талап

ететін жұмыс. Ол үшін, әрине, біз жақсы тәрбие мен білім алуымыз керек, біз

өзіміз үйренуіміз керек. Абай атамыздың әр сөзі өмірлік жолыңа нұр сәуле

төгеді. Сондай сөздерінің бірі: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл,

ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой

демектің бәрі де - ақымақтық» дегені. Шынымен, адамды адамнан артық қылып

көрсететін артықшылығы,ол – білім. Біз көп жағдайларда қоғамдағы адамдардың

бір-бірімен қарым-қатынасының әртүрлі қалыптасып жататының куәсі болып жатамыз.

Біреулер агрессивті күйде жұлқынса, кейбіреулері үндемей құтылса, біреуісі  сабырға шақырады. Осы үш типті адамның

мәдениетіне қарап, адамдардың өз-өзін көпшілікпен қалай ұстайтынын

аңғарамыз,былайша айтқанда адамның мәдениеті,әдебі – оның тікелей алған

білімінің нәтижесі. Егер Сіз біліммен жан-жақты қаруланған болсаңыз, демек

Сіздің мәдениетіңіздің жоғары болғандығы. Әдетте, білімі жоғары, бірақ тәрбиесі

бұзықтау, не мәдениеті төмендеу адамдарды жолықтырып жатамыз. Сонда ойланып

қаласыз, бұл қалай деп ? Осы орайда әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби: «Адамға ең

бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың

қас жауы» деген екен. Ойлап қарасаңыз, білім мен тәрбие – егіз ұғым, оларды бір

– бірінен бөліп қарауға болмайды. Тамаша тәрбие берудің өзі – саналы білімінің

көзі. Себебі, қазақтың даналығында айтылатын «Ұлық болсаң, кішік бол» деген

мақалдың өзі – адам бойындағы білімді көріктендіре түсетін ұлы күш. Мен екіұшты

көзқарасты қарама-қайшы пікірлерді көп естіп жатамын. Тіпті Әл-Фарабидің өзі

адамға бірінші тәрбие берілу керек дейді, бірақ сол тәрбиенің өзі білімнің

парқы арқылы бойға сіңірілмей  ме ?

   Білімсіз адам қуыс кеуде. Мен егер психолог

болам деп талпынсам, алдыма көмек сұрап келген адамға қол ұшын беруім керек?

Бірақ, қалай ? Ол адаммен қалай сөйлесуім керек, ол кісінің жүрегіне қалай жол

табам, ол адамды қалай тыныштандырамын ? Өз-өзімді қалай ұстауым керек ? Ол

адамға қалай сенім ұялатуым керек ?  Кез-келген істі жасауда ақыл керек, сонда ғана

ісің тез әрі оңай бітеді. Ал ақыл сол білімнен туады. Неғұрлым көп білуге

талпынсаң, соғұрлым білім көкжиегің 

кеңейе түседі. Білген ақпараттарыңды бір-бірімен байланыстыра отырып,

олардан болашаққа деген үлкен жоспарлар құра аласың. Жоспар арқылы ұлы мақсат,

мұрат қоясың. Сол арқылы армандарыңды іске асыруға деген өзіңнің бойында

күш-қуат, жігерің тасиды. Білімді болу арқылы, сенің мінез-қылығын,

жүріс-тұрысың да өзгереді. Білімді адамдарға қоғам құрмет, сыйластық танытады.

Себебі, мұндай адамдардың арқасында тіршілік жанданады,оң өзгеріс, жаңашылдық,

қызықты оқиғалар орын алады. Мысалы, қазіргі біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр –

ғылым мен техниканың төңкеріс жасаған заманы деп алсақ, айналаңызға қараңызшы: небір

ғажап, адам сенгісіз айтулы жаңалықтар болып жатыр. Үйде отырып-ақ әлемнің

кез-келген түкпіріне үніңді жеткізе аласың; неше түрлі қолайлы әрі қолжетімді

қажеттіліктерді тұтынуға жол ашылып отыр; бұрын даладан су тасып, пешке қойып

қайнатып жүруші едік, қазір үйдің ішінен краннан ыстық суға дейін ағып тұр;

бұрында қағаздың көшірмесі қажет болса, қотарып көшіріп отыратын болса, қазір

принтер деген құралғымен оп-оңай-ақ қанша қажет болса, сонша данасын еш

қиналмай шығарып аласың. Қарап отырсаң, бәрі бар. Мұның бәрі білімнің дамып

жатқанының арқасында болып жатқан дүниелер.

Ұлы ойшыл

Ахмет Иігүнеки «Бақыт жолы біліммен табылады» деген екен. Біз бақытты болуымыз

үшін өмірлік таңдауымыз – мамандығымызды дұрыс таңдауымыз керек. Жоғары

біліммен қаруланып, сол білім арқылы халқыңа шүбәсіз, адал қызмет етіп, наныңды

тауып жесең  - одан асқан бақыт бар ма

бұл өмірде ? Білімді деп саналатын адамның айналасының өзі қандай шуақты: сөзі

майда, әдебі биязы, айтары жағымды, кеңесі пайдалы, көмегі зор. «Білімдінің

сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!» - деп

Мағжан Жұмабаев айтқандай, білім адамды парасаттылыққа үйретеді.

  Бүгінде біздің елімізде білімге

аса мән берілуде. Елбасымыз білім саласына айрықша көңіл бөліп, басым бағыт

танытуда. Осыған орай, білімді шыңдау мақсатында тәжірибенің озық үлгісін үйрну

үшін «Болашақ» бағдарламасы мен біліктілікті арттыруда шетелге барып оқуға

даңғыл жол ашылуда. Мен болашақта өз ісімнің шебері болу үшін шетелде білім

алып, оқығым келеді. Мұның бәрі ел болашағының жарқын болуына деген игі

бастама. Шоқан Уәлиханов : «Халықтың

кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген

екен. Біз ата-бабамыз  талай ғасыр

аңсаған тәуелсіздікке қолымыз жеткен соң, енді өркениетке қарай қадам басатын

білімді ,бәсекеге қабілетті мемлекет боп танылу 

үшін күш жұмсауымыз керек. 

Елбасымыздың  нақыл сөздерінен осы

мүдденің нақтылығын аңғаруға болады: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге

сенетін заман», «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының

білімімен өлшенеді»,  «Терең білім

 тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой  азаттығымыздың

алдаспаны». Елбасымыздың білімге деген қолдауының арқасында, бүгінде

Қазақстан әлдеқайда дамып кеткен алпауыт мемлекеттермен терезесі теңеліп отыр.

     Білімді болу,

өз кәсібіңнің маманы болу  қай кезде де

пайдалы болмаса, зияны болған емес. Білімді де саналы адамдар арқылы әлемнің

жаңаруы алға жылжып отырады. Білім бар жерде, мәдениеттілік пен парасаттылықтың

ең жоғарғы үлгісі  көрініс табады.

Білімді адамның қасына да достар көп жиналады, себебі, бірігіп білімнен нәр алу

– нәтижелі іс. Мен де болашақта өз білімімді жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнына

түсіп, көп нәрсе білгім келеді. Әлемнің дамып жатқан үрдісінен қалыс қалмай,

талапты, білімді, қажетті маман иесі болғым келеді. Қоғамға пайдам тигенін

қалаймын. Білімнің арқасында жеңіс пен жетістіктерге жеткім келеді. Қарапайым

істі бастасаң да, оған белгілі деңгейде білім қажет етіледі. Білімсіз адам –

қанатсыз құспен тең, адам биікке самғау үшін, білім  керек. Қазірдің өзінде мектеп қабырғасында

оқып жүрсем де, өзімнің білім қорымды жетілдіруге күш жұмсаудамын. Бірнеше

тілді меңгеруге деген талпынысым, әр пәннен көп ақпарат білуге құлшынысым ертең

мені сауатты, мәдениетті адам қылып тәрбиелеуге көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Сол себепті, жас болсаң да, кәрі болсаң да білімді маман болу  ешқашан да кеш емес.

       Мамандығыңды

дұрыс таңдау арқылы өз өміріңді жарқын да мәнді ете аласың. Шеберлік пен

білімпаздықтың есігі айқара ашылады. Кәсібиліктің тұғырына көтерілесің.

Білім - әркез де өмірлік азық.  Абай атамыз «толық адам» деген ұғымды ғылымға

енгізген екен. Толық адам дегеніміз біліммен кемелденген адам, ол жарық сәуле,

оның нұр сәулесі талай адамдарға жылуын таратып, мейірім шапағатын төгеді, сол

арқылы өмір жүрудің жолы айқындалады. Біліммен шырайланып, толық адам болуға

талпынайық! 

  Өзімнің болашағым

жарқын болу үшін жүрегім қалаған, жаныма ляззат пен рахат сыйлайтын мамандық

таңдауға тырымасын. Әдетте, мамандық таңдауда ата-ана, мұғалім ықпалы тиіп,

кейбір адамдар өз еріктерінен тыс мәжбүрліктен немесе қажеттіліктен мамандық

таңдап жатады. Мен мұны дұрыс емес деп ойлаймын, себебі, ондай адамдар мұндай жұмысты

ықыластарымен,құлшыныстарымен  істей

алмайды, кейін неше түрлі сауатсыздықтар мен кемшіліктерге тап болып жатады.

Мамандық таңдағанда адам өзінің бейімділігі,қандай да бір іске машығы,

қызығушылығы болса, соны әрі қарай дамытып, сол салада білімін жетілдіру арқылы

келу керек деп санаймын. Сондықтан, мен болашақта, психолог мамандығының барлық

қыр-сырын біліп, адам жанына ем болатын ең жақын көмекші болғым келеді. Маған

көп адамдар келіп, менімен сырласқанда, басындағы қиындықтары мен мәселелерін

шешіп, бар мұң-қайғы, өкініш-реніштері тарқап, менің қабылдауымда отырғанда

жайдарланып, өздерін жақсы сезініп, жеңіл сезініп, риза болып қайтқандарын

қалар едім. Менің жұмысыма оң бағасын беріп, алғыстарын алғым келеді. Болашақта

өмірдегі неше түрлі қиындықтарға тап болған адамдарға көмектесетін өзімнің жеке

офисім болғанын қалар едім. Сол жерде психолог ретінде адамдарға жақсы да

жайлы, ештеңеге алаңдамай, өмірлеріндегі бар қиыншылықтарын сейілтуге

көмектесетіндей етіп, жәрдем бергім келеді. Осындай арманға жету үшін мен өз

мамандығым бойынша білім алып, барлық қыр-сырын үйренуім керек.


Сарыгина Диана

9-сынып оқушысы

Рентабельный орта мектебі

 

 

Просмотров: 9793

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст