Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаһандық әлемдегі Елбасының алар орны

15.11.2017

                       Жаһандық әлемдегі Елбасының алар орны 

  Менің елім - тәуелсіз мемлекет. Қазақстан

әлемдегі ең танымал елдердің қатарында. Басқа ел азаматтары біздің  елге қызығушылықпен қарайды. Қазақстан  көптеген мемлекеттермен сауда-саттық, дипломатиялық

қарым-қатынас жасап тұрады. Бұл, әрине, бізді қуантады. Менің ойымша, бұл – ел-

басының еңбегі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші

жылы бірінші желтоқсан күні халықтың қолдауымен президент болып сайланды. Содан

бері елді басқарып келеді. Біздің елбасының әлем алдындағы беделі жоғары. Қазақстанда

жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың татулығын біртұтастықта ұстау, бір

шаңырақ астында толеранттылықта  өмір

сүру елбасының арқасында. Қазақ мемлекетін елбасы арқылы бүкіл ел таниды және

құрметтейді. Оған дәлел – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы. Әр

халықаралық басқосуларда Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік маңызы бар мәселелерді

көтереді. Елордада бой көтерген Бейбітшілік және келісім сарайында тұңғыш рет

әлемдік діндер съезі өтті. Бұл Қазақстанның әлемдегі өзіндік орнын айқындайды.

Елімізде жыл сайын студенттер кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында  «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдерге

барып тәжірибеден өтуде. Бүгінгі таңда Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің

қатарына енді. Бұл – үлкен жетістік.  Елбасын Қазақстанды әлемге танытқан ұлы

көшбасшы, ұлы тұлға ретінде мақтаныш тұтамын.

                                              Сарыгина Диана, Рентабельный орта мектебінің

                                                                  7-сынып

оқушысы

Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст