Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шығарма Туған өлкемнің болашағы туралы менің арманым

15.11.2017

 

Шығарма

Туған өлкемнің болашағы туралы менің

арманым

«Ел іші – алтын

бесік» деген мақал бар қазақ халқында. Осы мақалдың мағынасын жете білмейтін

едім, есейгенде өмірде басқан әр қадамым ұғындырып жатыр. Елімнің бір

түкпірінде тұрып жатып, сол жерді қимастай бауыр басуды жоғары сыныпқа келгенде

түсінеді екенсің. Күнде таңертең шуақты арайлы таңмен оянып, ауылыңның жолымен

мектепке құрбы-құрдаспен бірге қалжыңдасып барып, көк кілемдей жайқалған

жайлауда айран мен қаймақты нанға жағып жеп, қарынды қампитқанға не жетсін!

Туған өлкеңнің әр тесігін қыдырып, ауылыңның жақсы жайсаңдарымен арқа-жарқа

әңгімелесу деген сиаттп жеткізе алмайтын бір ғанибет өмір ғой. Менің ойымша,

бұл сөз өте орынды айтылған. Қазіргі кезде біздің елімізде шетел асып, өз

Отанынан жырақ кетіп жатқандар қаншама. Ойлап қарасам, мен де ел көріп, жер

көріп,жаһанды жалпағымнан басып, әлемді бағындырғым-ақ келеді. Өзім араласатын

ортамның арасында, жалпы жастар арасында бір түсінік қалыптасқан: егер сен

оқуға түсіп, оқуыңды бітіріп, өзің туған өлкеңе, ауылыңа оралсаң, сені бір жолы

болмай қалған адамдай қабылдайды. Бұл теріс қалыптасқан пікір. Қазіргі білім

алып, толысып,кемелденген жастың өзі туған ауылына бет алуы – жанашырлығының

белгісі. Өз елін шынайы сүйе алатын адамдар ғана өзі туған ауылының топырағын

басып, ауасымен тыныстап, сол жерге өз үлесін тамшыдай болса да қосқысы

келетіндер деп білемін. Сол себепті, мен де болашақты армандағанда, өз

жоспарымда туған өлкемнің өркендеп гүлденуіне менің де пайдам тигенін қалаймын.

Менің туған

өлкем екі жүздей ғана үй түтінін түтеткен шағын ғана ауыл. Кішкентай болса да,

маған ыстық,себебі, осында менің балалық шағым мен ең қызықты сәттерім өтті.

Менің серттескен, мені бұрыннан танитын адал достарым да  осында. Ал ең бастысы, бұл ауылда менің

отбасым бар. Болашақта мен өз ауылымның тумасы ретінде, осы ауылға келіп жұмыс

асағым келеді. Ауылға кеп еңбектенгенді мен ұят көрмеймін, қайта керісінше,

мақтан тұтамын. Ауылдың адамдары аз болса да, мында тіршілік етуге жайлы,

тыныш. Аула таза, ауасы жұпар аңқып тұрады. Ауылдың анйналасында егістік даласы

бар. Жылда егін салып, бидай өнімін алады. Менің әкем осы салада еңбектенуде.

Ол комбайнер боп істейді. Әр ауылда бір өзіндік ерекшелігі болады ғой, менің

ауылымның кереметтігі сонда, мұндағы адамдар бір-бірімен өте тату, бірлікте

өмір сүреді. Мереке-мейрамдарда қуанышпен бас қосып, ізгі-тілек ниеттерімізді жаудыртамыз.

Туған өлкемнің

күннен-күнге дамуы үшін қолымнан не келсе, соны істеуге дайынмын. Менің

ата-анам маған болашақта менің мұғалім мамандығын таңдап, өз ауылымның мектебін

дамытуға үлес қосуыма бағыт-бағдар берді. Менің болашақтағы арманым –

Қазақстанды өзге бәсекеге қабілетті елдермен білім жағынан да, экономика

жағынан да мықты ел ретінде көрсетуге қызмет жасау. Мейлі, мен ауылда тұрып

жұмыс істейін, бұның өзі елеулі үлесім болар еді деп ойлаймын.

Қазіргі мен

оқитын мектепте ішінара жөндеуді талап ететін жұмыстар бар. Мысалы, біз

денешынықтыру сабағында күн жылы күзгі уақытта сыртта ойнасақ, ал қыста

спортзалда шұғылданамыз. Ал қазіргі спортзал кешені құлаудың алдында тұр,

себебі оның төбесі қауіпті жағдайда. Біз онда кіргенде, қорғанып кіреміз.

Қалаған уақытымызда, доп алып, еркін көсіліп ойнай алмаймыз. Сондай-ақ, ауылда

сабақтан тыс бос уақытымызда үйірмелерге барғымыз келеді. Өкінішке орай, шағын

ауыл болғандықтан, бізде мамандар тапшы. Сондықтан әркім бос уақытын әрқалай

өткізеді. Біреулер ата-анасына қолғабыс жасаса, біреулер өздері өздерін шыңдап,

шығармашылықпен айналысады.Туған өлкемізді дамыту үшін біздің осы өлкемізден

алған бұлақ қайнарымыз мығым болу керек, сол кезде ғана тамырын жайып, өз

ауылымызды гүлдендіруге шамамыз жететін болады. 

Міне, осындай айта берсек ұсақ көрінгенімен, ауыл үшін маңызды, айтулы

мәселелер ауылды жандандыруға кері әсерін тигізіп тұр. Бұндай кемшіліктерді

дұрыстайтын, жобаларды іске асыратын тек біз ғанамыз. Топырағына табан тіреп,

суын ішкен туған өлкенің келбетіне ажар беріп шырайландыратын да – біздер.

   Менің туған өлкем – Қазақстанның бір

нүктесі. Оның гүлденгені – қазақ елінің гүлденгені. Болашақта өзіме жарқын келешек

сыйлағым келсе, ауылымды көркейтуге күш саламын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев  ауыл тұрмысын жақсарту

мақсатында жастарды ауылға тарту үшін әртүрлі бағдарламаларды жасап, барынша

қолдау көрсетуде. Біздің ендігі мақсатымыз – осы жолда аянбай еңбектену. Менің

ауылымды көркейтуге  үлес қоссам деген

арманым маған қанат береді.

Арман-мақсатымды

айқындап, болашақ үшін туған өлкемнің мерейін үстем етуге бар күш-жігерімді

саламын. Елбасымыз жыл сайынғы өзінің Халыққа Жолдауында ауыл туралы айтудан жалыққан

емес. Елбасының алға қойған басты талаптары ел дамуына алғышарт болып табылады,

сол себепті мен болашақты арманымды тікелей туған өлкеммен байланыстырамын.

                                              Қазкелді

Жаннұр,

Рентабельный орта мектебінің 6-сынып

оқушысы  

Аты-жөні

 Қазкелді Жаннұр

Сыныбы

6

Мектебі

Рентабельный

орта мектебі

Тұратын жері

Чапаевское ауылы

Байланыс телефоны

94-3-72

 

                                             

Просмотров: 700


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст