Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астана – Бәйтерек

15.11.2017

                                                           Астана – Бәйтерек

   «Астана- Бәйтерек» монументі –

дүниеде жоқ  нышандардың жарқын үлгісі.

Астанадағы көрікті де керемет ғимараттардың бірі. Оны салу идеясы  - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыкі. «Астана-Бәйтерек»

монументінің маңызы – ол қазақ халқының өмірінің жаңа кезеңінің символы. Онда

шығармашылық композиция ретінде  «Аялы

алақан» Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің оң алақанының

бедерлемесі салынған. Оның алақанынан халқына деген шексіз құрметі , қадір

тұтар қарым-қатынасы және осы елдің тұрғындарына, ұлт өкілдеріне деген

махаббаты, достығы, тату-тәтті өмірге, бейбітшілік пен жарасымдылыққа деген

ниеті көрінеді. Бәйтеректің  тоқсан жеті

метр биіктікте орналасуы кездейсоқтық емес. Бұл Астананың жаңа елорда боп

өзгерген тарихи кезеңін көрсетеді. «Астана - Бәйтерек» монументінде «Бата»

композициясы да бар. Бұл елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада бас

қосқан он жеті әлемдік діни конфессиялардың жетекшілерінің Қазақстан халқына

жазып қалдырған ақ батасы.

  «Астана-Бәйтерек»  монументі – металдан, шыныдан және бетоннан

жасалған әдемі сәулетті ғимарат. Оның 

сыртқы металл құрылысы жүз бес метр биіктікті құрайды, салмағы мың

тоннадан артық және айналасы бес жүз діңгек қадамен ұсталынған. Бәйтерек

басындағы самұрықтың жұмыртқасы іспетті алтын түсті шар дүние жүзінде тұңғыш

рет өзінің қайталанбас тұлғасымен ерекшеленеді. Күн көзімен шағылысып  түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» әйнегі

жиырма екі диаметр, салмағы үш жүз тоннаны құрайды.

   «Бәйтерек» діңгегі мықты, биік

өсетін ағашты білдіреді. Ол сонау баяғы заманнан жеткен аңыздан сақталып

қалған. «Бәйтерек» - болашақ дамудың, көркеюдің белгісі.

                                                                Рақышев

Самат,

                                   Рентабельный

орта мектебінің 8-сынып оқушысы

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст