Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған өлкемнің құндылықтары

15.11.2017

Шығарма

Туған өлкемнің құндылықтары

 

Отан десем, оралады ойыма 

Ақсақалды, ақ шапанды қария, 

Туған жерім – құт мекенім, дариям, 

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

    Әр адам өз туған жерін  құрметтеуі

және сүюі қажет. Алыс сапарға  шыққанда туған  жеріңді 

қатты  сағынасың.Осы орайда дарынды қаламгер Ж.аймауытовтың: «Туған жердің

қымбатын ғылым іздеп,кітап қарап сарылып,көзінің майын тауысқан,көшенің шаңын

көп жұтқан шәкірт теңіз табанындағы тұздар ауаға ұшып ауа-райына кері  нұқсан тигізіп

жатыр.  

білмесе,кім білсін? Ыстық қой,шіркін туған жер! Туған жерге жеткенше,қайтіп

дәтің шыдайды?»-деген сөздері ойыма оралады.

 

       Елім менің!

Ол өз үйіңнің табалдырығынан басталады.Содан шетсіз,шексіз қияға өрлеп кете

барады.Оның жұпар атқан жусаны,оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы,жотаға

өрлеген жалғыз аяқ жолдары- туған жердің көрінісі.Туған жер – адам өмірінде

киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен,  өткенмен және болашақпен

байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға

деген махаббат сезімі оянады. Мен үшін Отан – жан сезімі! Сенің әрқашан

оймен болса да оралғыңкелетін жердің рухани бұрышы.

    .Ауылдың

әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл - олардың қала тазалығына

қосқан үлесі.Халқымыздың «Бір тал кессең,он тал ек»,«Тазалық-денсаулық кепілі»

тәрізді нақыл сөздері бекер айтылмаса керек. Қала тұрғындарының жақсы тұрмысы

үшін игі істер атқарылуда. Көшелер кеңейтіліп, сәулетті ғимараттар бой

көтеруде, жаңа демалыс орындары пайдалануға берілуде. Мұның барлығы да біздер -

 тұрғындар үшін. Бұл біздің – ауылымыз!

Бұл – біздің Қызылордамыз! Сондықтан ортақ мекеніміздің тазалығына барлығымыз

жауаптымыз.

  

«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде,ең

бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға

деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді,

құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Атам қазақ «Елдің даңқын ері

шығарады,ердің даңқын елі шығарады» деп бекер айтпаған.Өз елімнің дамуына

теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қоссам деп ойлаймын.

   Менің

ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет!

Мен ауылым туралы айтып жырлығым да, әндеткім де

келеді. Мен – Бекжанова Диана,7-сынып оқушысымын. Ақтөбе облысы, Әйтеке би

ауданы, Чпапевское селосында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен осы ауылымның

таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен

демалып келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда

көптеген ғимараттар, мәдениет үйі, балабақшалар, дүкендер ,тіптен саябақ та

бар. Қалаға көліктер қатынайды. Кейде бос уақытымда саябаққа барып,

кітапханадан алған кітаптарымды оқып отырамын. Ауылымның адамдары пойызбен

Астана Жаз кезінде жазғы демалыс алдында саяхаттап табиғатқа шығамыз. Түрлі

ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз. Өзеннен шоршып секіріп жүрген

балықтарды көріп қуанамыз. Менің ауылымда достарым да көп. Олармен татумын.

Ауылымның кешкі таьиғаты мүлдем өзгеше. Алыстан шаңдарын көтеріп малдар өрістен

келеді. Барлығы төлдеріне сүттерін толтырып ала келеді. Бұл көріністі анамыздың

бізге дүкеннен тәттілерді әкелгеніне ұқсайды. Өзге ауылға қыдырып бара қалсам,

туған аылымды сағынамын. "Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел

болмас."- деп, аталарымыз бекер айтпаған екен ғой. Сондықтан достар, мен

үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де

осыған шақырамын. Өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын.

"Ауылымның гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені "- деп ойлаймын.

Чапаевское

ауылы – түрлі ұлт өкілдерінің басы қосылған шағын ауыл. Мұнда бірлік пен

татулықты өмір сүріп жатқан ауыл тұрғындарының жарқын куәсі боласың.  Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық –

қазақстандықтардың қалауы. Мен біздің елде  татарлар да, орыстар да,

қазақтар да бар.олардын тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын

маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз

мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда,

өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты.

Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол

қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы

өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын

Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының

тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық

халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан

жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің

маңызды талабы.

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі,

адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені

болу қажет.Сонда ғана адам бақытты  өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың

өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас.

Осы жөнінде  «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды

 дана  халқымыз жайдан жай айтпаған болар. Сондықтан да өз туған

жерімізді, Отанымыз қастерлеп және бағалауымыз керек!

Бекжанова Диана, Рентабельный орта мектебінің 7-сынып оқушысы

 

 

Аты-жөні

 Бекжанова Диана

Сыныбы

7

Мектебі

Рентабельный

орта мектебі

Тұратын жері

Чапаевское ауылы

Байланыс телефоны

94-3-72

 

                                          

Просмотров: 632


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст