Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалім – ол біздің!

18.04.2017

Шығарма

Мұғалім – ол біздің!

   Мен мектепке

барғанды жақсы көремін, себебі онда бізге жақсы мұғалімдер сабақ береді. Оларды

құрметтеймін,өскенде оларға ұқсағым келеді. Біздің мектебіміздің мұғалімдері

күнде кешікпей уақытында келеді, әрқашан бізге күлімдеп қарайды. Әр сабақтан

әртүрлі мұғалім береді, бірақ бәрі бізге бірдей «ақылды, білімді, тәртіпті

болыңдар» деп айтады.

  Біздің сынып

жетекшіміз – Тамбай Жайнагүл Ілиясовна. Бізге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

сабақ береді. Ол кісі жас, өте ақылды және әдемі, бірақ қатал. Үй жұмысын

орындамасақ, ұрсады. Апайымыздың  шашы

ұзын.

   Орыс тілі мен әдебиетінен Бекжанова Гүлнар

Кенжеболатовна сабақ береді. Ол – менің анам. Мектепте  анамды ұялтпауға тырысамын,жақсы оқуға

талпынамын. Үйде де, мектепте де жұмысына көмектесемін.

  Зарипова Людмила

Салауатовна – мектебіміздің директоры, әрі Қазақстан тарихы мен әлем тарихынан

сабақ береді. Біз мектепшілік сайыстарға жақсы қатысып грамота, алғыс хат,

диплом алсақ, ол кісінің аты мен қолы тұрады.

 Светлана

Владимировна – математика, физика пәндерін береді. Ол кісі маған есепті дұрыс

шығаруды көрсетті. Дұрыс болмаса, қатемді дұрыстап көмектесіп түсіндіреді.

    Бақыт Тәженовна – оқу ісінің меңгерушісі әрі

бастауыш сынып оқушыларына сабақ береді. Ол кісі біздің бірінші мұғаліміміз

болды. Дәптерге дұрыс жазуды, әріпті оқуға үйренткен сол кісі. Мен ол кісіні

қатты құрметтеймін.

   Тамара Сергеевна

– дайындық тобының сынып жетекшісі. Онда менің сіңілім Дарина бар. Мен күнде

таңертең оны сыныбына апарамын, киімін шешіп, ойнатамын, қасында боламын.

Тамара Сергеевна – кітапханашы. Біз барлық кітапты сол кісіден жазып аламыз.

 Ляззат Махмұтовна – ән-күйден сабақ береді. Біз ол

сабақта ән айтамыз, музыкалық аспаптарда ойнап 

үйренеміз.Әртүрлі мерекелік шараларға ән жаттаймыз, дайындаймыз.

 Юрий Михайлович,

Елдос Серікұлы – денешынықтырудан беретін ағайларымыз. Олар бізге салауатты

өмір салтын жүргізуге көмектеседі. Біз спорт залында жүгіреміз, доп ойнаймыз,

топқа бөлініп жарысамыз. Түстен кейін шахмат, дойбы үйірмесіне қатысамыз.    

Кристина Михайловна бізге ағылшынша үйренуге көмектеседі.

Ағылшын тілі сабағында жаңа сөздерді жазамыз, сөйлейміз.

    Дарья Николаевна – биология, география,

химия пәндерінен береді. Бізге сабақта микроскоппен жапырақтарды көрген өте

қызық. Георграфия сабағынан әртүрлі елдерді өтеміз. 

  Валентина Семеновна – бірінші сыныптың мұғалімі. Онда менің інім оқиды. Мен

оған сабағын   салуға көмектесемін.

Мен Валентина Анатольевнаның еңбек сабағын жақсы көремін,

өйткені біз сабақта әртүрлі әдемі заттарды қолмен өзіміз жасаймыз. Ол кісі өте

еңбекқор және қолөнердің шебері болған. Апай көшіп кетті. Мен ол кісіні жақсы

көремін.

  Бесінші қазан –

ұстаздар  күні. Бұл атаулы мереке бүкіл

әлемде аталып өтеді. Өзімнің және барлық мұғалімдерді ұстаздар күнімен  құттықтаймын. Ешқашан ауырмаңыздар, зор

денсаулық тілеймін. Оқушыларыңыз әрқашан қуантып жүре берсін !

Бекжанова Диана,

Рентабельный орта мектебінің

6-сынып оқушысы  

 

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст