Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шығарма Тәуелсіз елдің қыранымын

20.03.2017

Шығарма

Тәуелсіз елдің

қыранымын

 

      Менің елім –

Қазақстан. Бұл атау қазіргі таңда әлемге әйгілі мемлекет. «Қазақстан» деп көк

туымызды көкке көтергенде мені мақтаныш сезімі кернейді. Неге екенін білмеймін,

туған жерге деген ыстық сезім, сүйіспеншілік ерекше болады екен. Менің туған-туыстарым,

жақындарымның бәрі осы елде өмір сүреді. Жер бетін шарласам да, Қазақстаннан

артық «Жерұйық» табылмас. Жерімнің әр тасы, топырағы , сылдыр қаққан суы, кең

тынысыңды ашатын таза ауасы барлығы айрықша ыстық. Әлем ақыны Джордж Байрон: «Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе

алмайды.» - дейді. Ал елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Отанды сүю -

өркениеттіліктің бірінші белгісі»- деп баса айтты. Әр азамат биік

дәрежеге жету үшін, ең алдымен елін шексіз сүю керек.  Туған жер дегеніміз – киелі атамекен.

Дүниенің дүбірлеген түкпірінде небір керемет, ғажап жерлер көп, бірақ туған

өлкеге ештеңе жетпейді. Тарихтан сабақ алып қарайтын болсақ, Египетті 17 жыл

билеген қазақтан шыққан қыпшақ патша 

Сұлтан Бейбарыс  туған жерінің

жусан иісін аңсап, туған елге деген сағынышы жүрегін сыздатыпты.

   «Отан - от

басынан басталады, демек өз бесігің , өз үйің» - депті батыр

бабамыз  Бауыржан

Момышұлы. Ауылыңнан алыстап кетсең, үйіңнің алдын, жылу ескен мұржасын,

достарыңмен бірге өткізген бақытты сәттеріңді, ойнаған, аунап өскен жерлеріңді

еске алып, бүйрегің бұрып сағынып тұрасың. Қазақстан – менің Отаным. Бұл күнде

мен толыққанды аллаға шүкір етемін. Себебі, елбасымыз айтқандай: «Ұлттың ұлы

бақыты - Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа дербес тәуелсіз мемлекет болып қадам

басты!»

Біздің өтіп кеткен тарихымызда ата-бабамыз «мың өліп, мың тірілген». Соған

қарағанда, қазіргі тұрмысымыз өте жақсы. Күн санап еліміз құлпырып келеді. Ел

президентінің арқасында, Қазақстан терезесі тең, керегесі кең мемлекеттермен

тенесуде.

Күлсін Аружан, Рентабельный

орта мектебінің  9-сынып оқушысы

 

 

Шығарма

Тәуелсіз елдің қыранымын

 

   Жыл сайын

шетелден қаншама адамдар елімізді қызықтап тамашалап ағылып жатыр. Олар бір

ғана елордамыз –  жас Астананы көріп

қайран қалуда. Күмбезі күн көзімен шағылысқан биік Бәйтерек әлемде еш жерде жоқ

теңдессіз сәулет. Еліміздің көркі тек әдемі зәулім ғимараттар ғана емес,

табиғаты әсем ғажап жерлерімен тандандырады. 

Алтайдың ақбас таулары, Алатаудың ақ шыңдары, Алакөлдің мөлдір суы,

Каспийдің балығы, Көкшетаудың тұмса табиғаты, Сарыарқаның салқын самалы,

Ұлытау, Қарқаралы, Баянауыл, Шыңғыстау жерлері келген туристерді еріксіз

қызықтырады. Бұл дегеніміз біздің Қазақстан әлемде көш бастап тұр.

Тәуелсіздігімізді алғанымызға жиырма жылдай ғана аз уақыт өтсе де, еліміз көп

нәтижелерге жетті. Саяси, экономикалық,әлеуметтік реформалар жүзеге асырылуда.

Осы арқылы біздің еліміздің басқа елдермен байланыс жасауы кеңейеді.

  Қазақстан – көп

ұлтты мемлекет. Елбасымыз айтқан толеранттылықтың арқасында әлемге үлгі болып

отыр. Олай дейтініміз, 130 ұлт тұратын менің елім -  бейбітшіліктің жарқын көрінісі. Әр ұлттың

адамдары әртүрлі салада қызмет жасап жатыр, кемсітушілік, араздық жоқ. Еліміз –

достық пен татулықтың, ынтымақтастық пен бірліктің ордасы. Тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

бастамасымен  2003 жылғы 23-24

қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің

I Съезі өтті. 

Қазақстан – БҰҰ-ның белді мүшесі. Осындай ауқымды әлемдік шаралардың

бас-қасында шешуші рөл атқарып отырған қазақ елінің әлемдегі орны, мәртебесі

жоғары.

   Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:«Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет» - дейді. Шынымен, еліңді сүю арқылы ғана табысты,бай

бола аласың. Сонда ғана жолың ақ болады. Туған елге қызмет ету – бақыт. Болашақта

мен елімнің көркеюіне өзіндік үлесімді қосқым келеді. Еліме пайдасы тиетін

азаматша болғым келеді.Тәуелсіз елім – мәңгілік тірегім!

                         Жандарбекова Ақбота,, Рентабельный орта мектебінің  9-сынып оқушысы

Просмотров: 455

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст