Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9 қазан - Дүниежүзілік пошта күні

11.03.2017

9 қазан - Дүниежүзілік пошта күні

 

   Қазан айының  тоғызы — «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар

алғызған» пошташылардың төл мерекесі. Қоғамның дамуына, адамдардың алға

жылжуына өзіндік маңызды үлес қосып отырған осы саланың майталмандарын кәсіби

мерекелерімен құттықтай отырып, әр пошта қызметінің қызығы мен шыжығын қатар

алып жүрген маман иелеріне зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, жеңісті

нәтиже, баянды бақыт, көпшіліктің ұлы сыйластығын, тозбас береке-бірлік,

шаттықта толы қуаныш тілейміз!

    Адаммен бірге жаралған ақпарат беру, хабар

алмасу, сәлемдеме, хат тасымалдау секілді қызметтің бұл түрінің тамыры тереңде

жатыр.Мереке қарсаңында пошта тарихынан сыр тарта отырып әңгіме қозғауды

ұйғардық…

 

Пошта қызметінің   әлемдегі орны :

    Бір адамнан екінші адамға

ақпарат беру алғашқы қауымдық құрылыс кезінен-ақ қалыптасқан. Әуелгі кезде

адамдар маңызды ақпаратты дауыс арқылы берсе, кейін адам дауысы тек жақын

аралықта ғана естілетін болғандықтан, ақпаратты барабан ұрумен беретін болыпты.

Бір жерден екінші жерге белгі беру үшін алғашқы адамдар от пен түтінді де

пайдаланған.

    Кейін сәлемдемелерді жаяу

адамдар мен аттылар таси бастады. Ежелгі Грекияда, Египет пен Қытайда, Рим

империясында мемлекеттік пошталық байланыс эстафета арқылы берілетін жаяу және

атты тасымалдаушылардан тұрды. Хат тасу үшін кептерлер де пайдаланылған кездер

болған.

Ежелгі Грекияда соғыстың жиі болғандығы салдарынан пошта жүйесі баяу

дамыды. Үкімет хат тасу үшін жаяу пошташыларды жұмысқа алды, олар гемеродром

деп аталды. Олар сағатына кемінде 10  шақырым жаяу жүретін болған. Аса

маңызды хабарларды жеткізу үшін атқа, не түйеге мінген пошташыны жұмсайтын

болыпты. Мысалы, Александр Македонский кезінде өз штабында түйемен жүретін

пошташыларды ұстаған деседі.

    Ежелгі Римде аса дәулетті

патрициялар жеке пошташылар ұстаған. Үкіметтің дербес ақпарат таратушы аттылы

пошташылары жұмыс жасаған. Гай Юлий Цезарь Август император заманында

мемлекеттік поштаның негізін салған. Бұл пошта тек императорға ғана бағынған

деседі.

    Орта ғасырларда Еуропада сауда

мен қолөнер, ғылым мен мәдениеттің дамуы көптеген ақпарат тасымалдау қызметтері

жүйесінің жұмыс жасауына жол ашты. Көпестер жеке пошталарын ашты. Он тоғызыншы

ғасырдың басында Еуропада қалалық және корольдік пошталар жұмыс жасады.

Швецияда, Англияда және басқа елдерде осындай корольдік курьерлер тасымалдаумен

айналысты. 1820 жылы Брайтондағы қағаз сатумен айналысатын Бревер деген

саудагер кәдімгі конвертті ойлап тапты. 1840 жылы Ұлыбританияда пошта

маркасының шығарылуы осы сала тарихының ең маңызды тұсы болды деуге болады.

  Телеграфтың (1832), телефон

(1876) мен радионың (1895) пайда болуы, XIX ғасырдағы теміржол мен пароход шаруашылығының

жолға қойылуы, XX ғасырда ұшақтың шығуы пошта саласына үлкен өзгерістер алып

келді. Пошта енді халыққа тұтастай қызмет ете бастады…

   1874 жылы 9 қазанда 22 елдің

1-ші Халықаралық пошта конгресінде Жалпыға ортақ пошта одағы (1878 жылдан бастап

Бүкіләлемдік пошта одағы) құрылды.         

   1969 жылдан бастап 9 қазан күні

бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде тойланатын халықаралық

мерекелердің бірі — Бүкіләлемдік пошта күні атап өтіледі. Қазір Бүкіләлемдік

пошта одағында әлемнің 189 елі бар. Осы елдерде 9 қазаннан бастап халықаралық

Хат аптасы өткізіледі. Халықаралық пошта 6800 тілде «сөйлейтін» көрінеді.

 

Қазақстандағы пошта тарихы:

 

    Қазақ жерінде де поштаның өзіндік дәстүрлі

тарихы бар. Ресми түрде пошта бөлімдері ашылмаған тұста да қазақ даласының о

шетінен бұ шетіне хабар жеткізетін арнайы қызметкерлер болыпты. Жаушы, елші

дегендердің жолға шыққандағы мақсаты жауластыру, не елдестіру болғанымен, бұл

мақсаттың түп-төркінінде бір жерден екінші жерге ақпарат жеткізу мұраты тұрған.

Мысалы, Әбілқайырхан мен Әйтеке би саяси шаралар кезінде белгілі бір міндеттер

атқаратын, сол заманның хабаршылары — жаушылар ұстаған. Тарихи әдебиеттерге

қарап отырсақ, хабар жеткізушілерді әдетте ел ішіндегі ауқатты, беделді байлар,

хандар ұстапты. Бірақ олардың барлығы бірдей Біржан салға қамшысын үйірген

«сегіз болыс ішінде шені артық Азнабайдың поштабайы Жанбота» секілді шаш ал

десе, бас алатын есерлер болмаған.

«Жай жүргенде бір күні

Атшабар келді дікілдеп:

«Ояз шықты, сыяз бар»

«Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп…» дейді Абай бір

өлеңінде. Абайдың «ылау» деп отырғаны ертеде «лау» деп аталатын атты пошташылар

болса керек. Сол кездері атты поштаны «идара» деп атау да кездескен.

    Қазақстанда ресми пошталық

байланыс бөлімшесі алғаш рет 1860 жылы Верныйда (Алматы қаласы) ашылды, ол көп

ұзамай пошта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылған.

    Ұлы Отан соғысы пошта алдына барлық жағдайда армияда, тылда, майдан мен тыл

арасында сенімді және тұрақты байланыс орнату туралы қиын да, жауапты да мәселе

қойды. Көптеген білікті байланысшылардың армия қатарына алынуына байланысты

соғыстың бастапқы жылдары пошта үшін аса ауыр болды. Дәл осы Ұлы Отан соғысы

жылдары поштаның әлеуметтік, патриоттық маңызы орасан зор болды. Себебі, сұм

соғыстың құйынды жылдары әр солдаттың жігерін жаныған, күш-қайрат берген,

жеңіске ұмтылдырған, ұрыс алаңында рух сыйлаған Жамбылдың «Ленинградтық өренім»

атты өлеңі пошта арқылы майданға тарап, ел үшін құрбан болған әр жауынгердің

қалтасынан табылған.

    1950

жылы республикада 2438 пошта кәсіпорны болды. Алпысыншы жылдардың ортасында

Қазақстанда толыққанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді.

    Қазақстан тәуелсіздік алып, егеменді ел

болғаннан кейін саладағы жағдай күрт өзгерді. 1992  жылдың 27 тамызында

еліміз Бүкіләлемдік пошта одағына мүше болып кірді.

                                           

PS:  ХХІ  ғасыр – ғылым мен техниканың ,

ғаламдық жаһанданудың қарышты үздіксіз дамып келе жатқан кезі.. 

    Қазір конвертпен хат жазудан

әлдеқайда жеңіл, әлдеқайда тез баратын «электронды пошта», «скайп», «мобильді

агент», «факс», «ұялы телефон», «ватсап» секілді бірнеше байланыс түрлері бар.

Соған қарамастан эпистолярлық жанр (хат түрінде жазылған шығарма) өз қажеттілігін әлі күнге дейін жоғалтпауда. Қалай болғанда да, дәл қазіргі күні өмірімізді поштасыз,

пошташыларсыз елестете алмаймыз. Бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып,

бүгінде үлкен реформадан өткен бұл саланың қоғам игілігіне тигізіп отырған

пайдасы ұшан-теңіз.Алыстағы адамдар бір-біріне

деген шексіз сағынышын, қуаныш-сүйінішін тікелей хат арқылы жеткізуді жөн

көреді. Бұл да бір асыға күткен үлкен сыйдың біріндей. Ата-ана, туысқан ағайын

қалада оқып жатқан не шетелде жұмыс бабымен жүрген балаларына сәлемдеме,

түйіншектерін жіберу үшін тікелей пошта қызметіне жүгінеді. Сондай-ақ, поштаның

қосымша қызметтерінің адам өмірінде маңызы орасан зор. Өтіп

жатқан өміріміздің кей сәттері поштамен байланысты. Сол себепті, осы саланың

мамандарын төл мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

Тамбай  Жайнагүл,

Рентабельный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Просмотров: 637


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст